Атырауда соңғы тәулікте 316 адам Covid-19 жұқтырған

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 316 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 180 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 42 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 22 жағдай, Индер ауданында – 16 науқас анықталған, Исатай ауданында – 20, Қызылқоға ауданында – 10, Құрманғазы ауданында – 12, Мақат ауданында – 4, Махамбет ауданында – 10 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 178 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 138 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 539 адам емделді.

Қазір 8 469 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 188, екінші облыстық ауруханада – 177 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 59, кардиоорталықта – 100, т/ж ауруханасында – 90 адам ем алуда, облыстық ауруханада – 111, жатақханада – 81,
аудандық инфекциялық стационарларда – 316. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 316 науқас. Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 1 501 адам ем қабылдауда.
Жүктеме 49,8 % құрайды (3012 төсек-орынға). Реанимация бөлімшелерінде 101 пациент жатыр, олардың 11 ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Жүктеме 82,1 % (123 орынға) құрайды.

25 тамыз  бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 544 жергілікті тұрғын алды.

Екпе алғандардың қатарында: 11 дәрігер, 28 педагог, 36 студент, 5 жабық мекеме, 3 құқық қорғау орган қызметкерлері, 11 мемлекеттік қызметші, 18 созылмалы ауруы бар науқастар, 432 жергілікті тұрғын.

2021 жылғы 1 ақпан мен 25 тамыз аралығындағы кезеңде барлығы 183 278 адам Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 132 253 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы  вакциналар  туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз