«Атырау облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК облысымызда 1974 жылдан бермен қарай балаларға қол жетімді мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектер көрсетіп келе жатырған жалғыз көпсалалы медициналық мекеме болып табылады.
Ағымдағы жылдың мамыр айында 1 жасқа жетпеген сәби (G91.1 ) обструктивті гидроцефалия (ми шемені) диагнозымен балалар ауруханасына түсті. Анасының айтуы бойынша бала туылғаннан бері ауырады екен. Перзентханадан шыққаннан кейін тұрғылықты мекен-жайы бойынша невролог дәрігерге қаралып жүрген. Бас миын КТ-мен тексергеннен кейін үлкен мидың субатрофия белгілері, энцефалопатия, аралас гидроцефалия анықталды.
Сәбиге 12-мамыр күні Атырау облыстық балалар ауруханасының білікті нейрохирург дәрігер Арипов Шодёр Рахимұлы 01.31 коды бойынша (ми қабығын жарып кесу) ота жасады. Атырау облыстық балалар ауруханасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында қазіргі заманғы жоғары қысымды шунтты (Медтроник компаниясы, АҚШ) қолданумен бас сүйек пластикасына қымбат тұратын бірегей ота жасалынды. Орындалған отаның жалпы құны: 1 190 239,36 теңгені құрады. МӘМС жүйесінің арқасында бұл ота сәбиге тегін жүргізілд. Бала ауруханадан қанағаттанарлық жағдаймен шығарылып, өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша бақылауға алынды.
Жыл басынан бері Атырау облыстық балалар ауруханасында МӘМС жүйесі бойынша барлығы – 1765 оталар жасалынған, оның ішінде жоспарлы түрде – 634 ота, шұғыл түрде – 1217 оталар жүргізілді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ
фото: mordovmedia.ru