Атырауда онкологиялық диспансердің жаңа ғимараты салынады

«Биыл облыстық онкологиялық диспансердің жаңа ғимаратының ​ жобалық-сметалық құжаттамасы үшін қаражат бөлінеді деп күтілуде» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Жобалық-сметалық құжаттама жасақталғаннан кейін, Атырау облысының онкологиялық диспансердің қазіргі ескі ғимараты сүріледі. Сәйкесінше, келер жылы жаңа ғимараттың құрылысы басталады. Құрылыс аяқталғанға дейін диспансер уақытша Атырау облыстық ауруханасына көшіріледі» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.

Еске сала кетелік, қазіргі таңда Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде есепте 4500 адам тұр. Науқастарға 31 дәрігер-маман қызмет көрсетуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT