Атырауда өкпені жасанды желдету аппараты жеткілікті ме?!

Әлеуметтік желідегі 12 ИВЛ аппараты туралы ақпаратқа бас дәрігер түсінік берді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың мәлім етуінше, Денсаулық сақтау министрлігінің есебінде көрсетілген 12 өкпені жасанды желдету аппараты Атыраудағы инфекциялық стационардың жансақтау бөлімінде орнатылған.

«Қазіргі уақытта Атырау қаласындағы инфекциялық стационарда 12 реанимациялық кереует бар. Соған сәйкес, 12 реанимациялық кереует 12 өкпені жасанды желдету аппаратымен жабдықталып отыр. Ал, облыстық ауруханадағы провизорлық орталық 14 өкпені жасанды желдету аппаратымен жабдықталды. Сонымен бірге, перинаталдық орталық, облыстық балалар ауруханасы да осындай аппараттармен қамтамасыз етілді»,- дейді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Оның айтуынша, Атырау облысындағы емдеу орындарында 115 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Алдағы уақытта мұндай аппараттар саны демеушілер есебінен көбейеді деп күтілуде.

Сурет: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT