Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде 75 адамнан COVID-19 анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында - 60, Жылыой ауданында - 10, Махамбет ауданы - 3, Мақат және Қызылқоға аудандарында 1 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 63 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 12 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 13 адам емделді.
Қазір 662 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 48, аудандық инфекциялық стационарларда - 13 науқас ем алуда.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.
Сурет ашық дереккөзден алынды