Атырауда коронавирус жұқтырған 38 адам анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 38 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Атырау облысында өткен тәулікте 38 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 13-і Атырау қаласынан тіркелген.

Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 23 жұмысшыдан, Жылыой ауданында 2 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 8-інде ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 109 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 151 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 69 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 22, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 278 адам оқшауланып, инфекциялық стационарда ем қабылдауда.

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты бүгін, алтыншы күн - Атырау облысы «жасыл» аймақта тұр.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT