COVID-19 жұқтырған 21 жағдай Атырау қаласынан тіркелді.
Олардың 12-сі ер, 5 -еуі әйел адам. Олардың бірқатары ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты медициналық көмекке жүгінсе, кейбірінен скринингтен өту барысында анықталды.
Сондай-ақ 2 жағдай Жылыой ауданынан тіркелді.Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.
Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.
29.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1640 адам анықталды.
Жазылып шыққандар саны - 1376.
Сурет:дереккөз