Атырауда коронавирус жұқтырған 21 жағдай тіркелді

02.06.2020 жылғы мәлімет бойынша COVID-19 жұқтырған 12 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері.

Олардың сегізі - 1988, 1991, 1996, 1998, 1990, 1996, 1988, 1999 жылы туған ер адамдар, төртеуі - 1974, 1972, 1988, 1979 жылы туған әйел адамдар. Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және скринингтен өткен қызметкерлер.

Ал, 6 жағдай Атырау қаласынан тіркелді. Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және скринингтен өту кезінде анықталған.

Тағы 2 жағдай Жылыой ауданынан тіркелді. Олар 2018, 2020 жылы туған балалар.

Сондай-ақ 1 жағдай Мақат ауданының 2013 жылы туған қыз баладан тіркелді. Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

02.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1140 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны - 481.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521