Облыста індет басталғалы 62 186 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталып, оның ішінде соңғы тәулікте – 12 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Осы аралықта сырқаттанған науқастардың 98,2%-ы сауығып шықты.
Бұл туралы баспасөз алаңында өткен онлайн брифинг барысында Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев мәлім етті.
"Бүгінгі күні өңірде ашылған 2360 төсектік инфекциялық стационарда 50 науқас және реанимацияда 9 науқас емделуде. Бүгінгі күні коронавирусқа қарсы вакцинаның I компоненті 268 012 адамға, II компоненті 253 002 адамға салынды, деді спикер.
Еске сала кетсек, Комирнати (Пфайзер) вакцинасы медицина қызметкерлері, барлық топтағы мүгедектер және 50 жастан асқан адамдарды ревакцинациялау жұмыстары басталды.