Атырауда коронавирус індетін жұқтырған медициналық қызметкерлерге өтемақы төленуде

«Төрт ай бойына үйіне бармастан, әр адамның өмірі үшін бел жазбай күрескен Аққаным Садығұлова қызмет барысында коронавирус жұқтырып алған медициналық қызметкерлер қатарында» деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Атырау облыстық №2 ауруханасының жансақтау бөлімінде мейірбике болып жұмыс істейтін Аққаным Садығұлова қауіпті инфекция өзінен анықталған уақытта бастапқыда абдырап қалғанын айтты.

«Шыны керек, уайымдадым. Бастапқыда қиын болды. Отбасым да уайымға салынды. Бірақ, өзім таңдаған мамандық осы. Оның үстіне, қазіргі жағдайда медицина мамандарына артылған жүк ауыр. Бастысы, ауруханада сәтті емделіп шықтым. Кейін өзімді оқшаулап, карантинде болдым» дейді Аққаным Садығұлова.

Тамыз айының бірінен бастап жұмысқа қайта қосылған мейірбике Аққаным Садығұловаға жақында 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төленді.

«Бұған қоса жалақымызға ай сайын 850 мың теңге қосымша ақы төленіп отыр. Бастысы, бірлескен күресте вирусты жеңіп келеміз. Біз біргеміз» дейді Атырау облыстық №2 ауруханасының жансақтау бөлімінің мейірбикесі Аққаным Садығұлова.

Бұған дейін хабарланғанындай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен бұйрығына сәйкес жүргізілген эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде, Атырау облысында короновирус инфекциясы мен вирустық пневмония жұқтырған 650 медицина қызметкері анықталды.

Бүгінде короновирус індетімен күресте қызмет етіп жатқан медицина қызметкерлеріне үстемақы мен өтемақыны төлеу комиссиясы тұрақты жұмыс істеуде.

Алдағы уақытта да, жұмыс барысында ауру жұқтырған мамандар тіркелген жағдайда, комиссия кеңесінде талқыланып, тіркелетін болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз