Атырауда көзіне шеге кірген адамға тегін ота жасалды

Отыз  төрт  жасар Атырау қаласы тұрғынының өмірін тосыннан тап болған  тұрмыстық жарақат  күрт өзгертеді. Ол үй жағдайында байқаусызда оң жақ көзіне шеге кірізіп алады. Науқас Атырау облыстық офтальмологиялық ауруханасына орналастырылады. Ағымдағы жылдың 29 тамызы күні оған шұғыл түрде оң жақ көзіне склер жырығын тігу бойынша от жасалынды. 

«Көз алмасының немесе көздің жарылуы  бұл – көздің ақ қабығы мен мөлдір қабатынның жыртылуына алып келетін өткір затпен әсер ету арқылы көз қабырғасының бүтіндігінің бұзылуы кезінде пайда болатын көздің ауыр жарақаты» - деп тоқталды ота жасаған I категориялы офтальмолог дәрігер Гүлбану Қарамурзиева.

Отаны облыстық деңгейде жасау офтальмология ауруханасының базасында қазіргі заманғы жабдықтар мен білікті мамандардың болуының арқасында қол жеткізілді. Аталған ота көз кемшілігін жоюға мүмкіндік берді. Осылайша алға қарай науқастың көзінде ешқандай кемшілік болмайтын болды.  МӘМС жүйесі арқылы жасалған бұл шұғыл хирургиялық араласудың құны  171380.69 теңгені құрады.

«МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесі бар болғандықтан науқасқа бұл қымбат түратын ота тегін жасалынды» - деді Атырау облыстық офтальмология ауруханасының директоры Мұрат Құсайнов. 

«Офтальмологиялық аурухана  бұл ересектер мен балаларға жоспарлы және шұғыл түрде офтальмологиялық көмектер көрсететін облыс бойынша жалғыз мамандандырылған аурухана болып табылады. Офтальмологиялық аурухана Қордың Атырау облысы бойынша филиалының жеткізушісі болып табылады. Жыл басынан бері Атырау облыстық офтальмология  ауруханасында МӘМС жүйесі бойынша барлығы – 1085 оталар жасалынған, оның ішінде жоспарлы түрде – 984 ота, шұғыл түрде – 101 оталар жасалған» - деп атап өтті М.Құсайнов.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT