Атырауда кәсіпкерлерге арналған вакцинация күні өтті

Атырау облысының кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы егу акциясын ұйымдастырды.

Кәсіпкерлерді вакцинациялау 4 қыркүйекте кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағында өтті. Оған тек кәсіпкерлер ғана емес, олардың қызметкерлері де қатысты. Бұл күні ШОБ саласының 30-ға жуық  өкілі  коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның I компонентін алды.

- Өздеріңіз білетіндей, 6 қыркүйектен бастап ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің вакцина алмаған  адамдар жұмысқа  қосылмайтыны туралы қаулысы күшіне енді. Осыған байланысты, Атырау облысының кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы өз қызметін кедергісіз жалғастыру үшін бизнес иелері мен олардың қызметкерлерін вацинациялауды ұйымдастыруды ұйғардық, - деді Атырау облысы кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы директорының орынбасары Рафхат Бозбалиев.

Айта кетейік, бүгінде өңірде 50 мыңнан астам ШОБ субъектісі тіркелген. Онда Атырау облысының 125 мың тұрғыны жұмыспен қамтылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз