Үш балаға облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруы арқылы болса, бір науқас «Қазақстан халқына» қорына өзі көмекпен жүгінген, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
2022 жылдың сәуір айында Атырау облысынан «Берардинелли Сейптің жалпыланған липодистрофиясы» диагнозымен екі бала «Метрелептин» дәрілік затымен қамтылды. Дәрінің жалпы бағасы - 201 млн теңге.
Сонымен қатар, қараша айында «Дюшенді бұлшықет дистрофиясы»диагнозымен 18 жасқа толмаған науқас 179 млн теңге тұратын «Касимерсен» дәрілік затымен қамтылды.
Атырау қаласынан «Қазақстан халқына» қорына өзі көмекпен жүгінген онкологиялық есепте тұрған науқасқа өткен жылдың мамыр айында «Рибоциклиб» дәрілік затымен қамтылғандығын жеткізеді.