Атырауда COVID-19 жұқпасынан 145 адам емделіп шықты

Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта 291 адам үй жағдайында емделуде.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз-қызметінің мәліметінше, облыстық инфекциялық стационарда 72 науқас, аудандардағы инфекциялық стационарларда 25 адам ем қабылдауда.

Атырау облысында өткен тәулікте 25 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 4-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 16 жұмысшыдан, Жылыой – 1, Индер ауданында 4 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 8-інде ауру симптомды түрде өтуде.

Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «сары аймақта» тұр.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз