Атырауда Covid-19 жұқпасын жұқтырған 35 адам анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 35 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 19-ы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 13 жұмысшыдан, Жылыой-1, Индер-1, Қызылқоға ауданында 1 адамнан Сovid-19 жұқпасы анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 14-інде ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 90 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 123 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 76 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 21, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 227 адам оқшауланып, инфекциялық стационарда ем қабылдауда.

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты бүгін, тоғызыншы күн – Атырау облысы «жасыл» аймақта тұр.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT