Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта 350 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 65 науқас, аудандардағы инфекциялық стационарларда 20 адам ем қабылдауда.
Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі хабарлайды.
Атырау облысында өткен тәулікте 58 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 13-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 36 жұмысшыдан, Жылыой-1, Қызылқоға-1, Махамбет-1, Құрманғазы ауданында 6 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 13-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы "сары аймақта" қалып отыр.
Сурет:дереккөз