Атырауда Covid-19 індетін жұқтырғандар 63-ке жетті

Бүгін Атырауда қауіпті инфекцияны жұқтырған тағы бір жағдай тіркелді,- деп хабарлады ТЖ режимін қамтамасыз ету штабы.

Өңірдегі коронавирус жұқтырған алпыс үшінші адам - 54 жастағы әйел. Ол бұрын ауырған адаммен байланыста болғандар тізімінде болып, дәрігерлердің бақылауымен оқшауланған еді.

Қазіргі уақытта науқас жұқпалы аурулар стационарына ауыстырылып, хаттамаға сәйкес ем алып жатыр.

Байланыста болған тұлғалар анықталды және оқшауланды.

Жұқтыру ошағында дезинфекция жұмыстары жүріп жатыр.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз