Атырауда бір тәулікте 1953 тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алды

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

4 мамырдағы дерек бойынша "Спутник V" және "QAZVAC" вакциналарының I компонентін 1953 жергілікті тұрғын алды. Оның ішінде 172 медицина қызметкері, 316 педагог, 12 полиция қызметкері, 24 студент, 29 жабық мекеме қызметкерлері, 56 құқық қорғау органдарының қызметкерлері, 69 мемлекеттік қызметкер, 8 созылмалы аурумен ауыратындар, 1267 жергілікті тұрғындар бар.

2021 жылғы 1 ақпан мен 4 мамыр аралығында "Спутник V" және "QAZVAC" вакциналарының I компонентімен 33643 адам вакцинацияланды. II компонентпен 9612 адам егілді. Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 36 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті ашылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз