Атырауда бір тәулікте 195 адам Covid-19 жұқтырған

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 195 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 129 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 13 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 16 жағдай, Индер ауданында - 1 науқас анықталған,
Қызылқоға ауданында- 12, Құрманғазы ауданында - 12, Мақат ауданында - 4, Махамбет ауданында - 8 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 131 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 64 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 101 адам емделді.

Қазір 7 471 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 177, екінші облыстық ауруханада – 144 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 51, кардиоорталықта - 70, т/ж ауруханасында - 61 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 35, жатақханада - 77,
аудандық инфекциялық стационарларда - 236. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 340 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521