Атырауда бір күнде коронавирустан 8 адам қайтыс болды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте қауіпті вирусқа 80 адам шалдыққан.

Оның ішінде Атырау қаласында - 48, Теңіз кен орнында - 15 науқас анықталған. Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 6, Құрманғазыда – 4, Қызылқоғада – 3, Махамбетте – 3, Исатай ауданында 1 адамнан коронавирустың белгісі табылып отыр. «Өңірдегі инфекциялық стационарларда 939 науқас ем қабылдап жатыр. Мұндағы жүктеме 31,%-ды құрайды. Стационарлардың жансақтау бөлімінде 70 науқас емделуде. Оның ішінде 7 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 56,9%. Ал, үй жағдайында емделу үшін 5 121 пациент оқшауланған. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 адам қайтыс болды» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз