Атырауда балаларға COVID-19-ға қарсы екпе емханаларда егіледі

Қараша айының ортасында облыста балаларды, жүкті әйелдерді және лактация кезіндегі әйелдерді коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталады, деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасының ресми ақпаратына сәйкес, 12 мен 18 жас аралығындағы балалар тұрғылықты жері бойынша емханаларда және ата-анасының рұқсатымен ғана екпе алады.

Айта кетейік, 17 550 доза көлеміндегі израильдік "PFIZER" вакцинасының бірінші партиясы 12 қарашада келеді деп күтілуде.

9 қарашада облысқа екі вакцина мұздатқыш камерасы келді. Атырау облысында барлығы 12 мен 18 жас аралығындағы 63 138 бала есепте тұр.

Олардың 70%-ы немесе 44 196 адам COVID-19-ға қарсы егуге жатады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз