Атырауда ауру жұқтырғандардың тағы 2 жағдайы тіркелді

Атырау облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 2 жағдай тіркелді. Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. 

Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Екі науқастың жағдайы қазір қанағаттанарлық,бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 47 адам анықталды.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT