Атырауда 74 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған

Атырау облысында өткен тәулікте 74 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 6-уы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 66 жұмысшыдан, Қызылқоға-1, Құрманғазы ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 12- інде ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 66 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 271 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 100 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 29, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 803 адам ем қабылдауда.

Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткішіне байланысты бүгін Атырау облысы «сары аймаққа» өтті.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521