Атырауда 70 адамнан коронавирус анықталды

Атырау облысы«қызыл аймақта»

Атырау облысында өткен тәулікте 70 адамда Covid-19 инфекциясы ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 6-уы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 61 жұмысшыдан, Жылыой-1, Құрманғазы ауданында 2 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 15-інде ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 71 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 397 адам үй жағдайында емделуде.

Облыстық инфекциялық стационарда 82 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 30 адам емделуде. Ал, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 809 жұмысшы оқшауланып, ем қабылдауда.

Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «қызыл аймақта» қалып отыр.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз