Атырауда 400 орындық инфекциялық стационар ашылмақ

Медициналық мекеменің барлық бөлімі басқа ауруханаларға ауыстырылатын болады, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Бұл туралы бүгін облыстық ауруханада өткен пресс-тур барысында белгілі болды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, бүгінде облыстық ауруханада 120 провизорлық орын, кардио орталықта 70 провизорлық кереует бар. Сонымен қатар, Геолог емханасында 100 провизорлық кереует дайындалуда.

- Қалалық және қала маңындағы емханаларда 267 провизорлық орын ашу жоспарлануда. Мұнымен қоса, біз облыстық ауруханадағы бөлімшелерді басқа медициналық мекемелерге өткізіп, онда 400 орындық инфекциялық стационар ашуды көздеп отырмыз, - деді Бақытгүл Хаменова.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында «пневмония» диагнозымен 321 науқас тіркелген. Оның 82,3 пайызы медициналық мекемелерге жатқызылды.

Сурет авторы:Рахим Қойлыбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз