Атырауда 21 адам індет жұқтырған

Атырау облысында 21 адамнан коронавирус жұқпасы анықталды.

Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлайды. Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 10 адам тіркелген. Бұл көрсеткіш Теңіз кенішінде 8 адам болса, Исатай - 2, Индер ауданында 1 адамнан инфекция анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 10 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 20 адам емделіп шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 117 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 65 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 15 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 241 адам ем қабылдауда.

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «жасыл» аймақта.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT