Атырау облысында індет жұқтырған 14 адам тіркелді

COVID-19 жұқтырған 8 адам Құлсары қаласы Жылыой ауданында тіркелді.

Олардың үшеуі 1994, 1989, 1966 жылы туған ер адамдар және бесеуі 1968, 1997, 1993, 2003, 1972 жылы туған әйел адамдар. Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған, скринингтен өткен кезде анықталған және денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген.

Ал тағы 6 жағдай Атырау қаласынан тіркелді. Олар 1976, 1986, 1992, 2000, 1951 жылы туған ер адамдар және 1998 жылы туған әйел адам. 2 адам денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген, ал қалғаны COVID-19 скрининг өту кезінде анықталған және инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда. 15.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1324 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны - 986.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521