Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 120 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 80 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 15 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 1 жағдай, Индер ауданында - 1 науқас анықталған, Исатай ауданында - 2, Қызылқоға ауданында - 9, Құрманғазы ауданында - 10, Мақат ауданында - 1, Махамбет ауданында - 1 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 62 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 58 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 601 адам емделді.
Қазір 6 083 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 175, екінші облыстық ауруханада – 140 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 65, кардиоорталықта - 56, т/ж ауруханасында - 39 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 12, жатақханада - 74,
аудандық инфекциялық стационарларда - 214. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 214 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.