Атырау облысында  балалар арасындағы инфекциялық аурудың таралуы 30 пайызға төмендеді

Informburo.kz сайтында Атыраудағы N2 облыстық ауруханада инфекциялық төсек-орынның жоқтығы туралы жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ауыр халдегі науқастар аурухананың жансақтау бөліміне түскен жоқ.

– «31 арна» хабарында айтылған оқиға осыдан екі апта бұрын болды. Қазіргі жағдаймен салыстырғанда аурушаңдық 30%-ға төмендегені байқалады, – дейді мамандар.

Сонымен қатар, соңғы аптада жедел респираторлы вирустық инфекциямен ауыратын балалардың  төсек-орынмен қамтылуы 99,6%-дан 87%-ға дейін төмендеді.

Бүгінгі таңда ауруханада бос орындар тапшылығы жоқ.

Балаларға арналған «ЖРВИ» бөлімшесінде облыс бойынша 270 төсек-орын, соның ішінде Атырау облыстық №2 ауруханасында 85 төсек-орын балаларға арналған. (65 инфекциялық және 20 өкпе).

Сонымен қатар, ЖРВИ бөлімшесі емделушілерге арналған 60 резервтік төсек-орындарды бейімдеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз