Атырау облысында 278 медицина маманы жетіспейді

Қазіргі таңда өңірде өткір тұрған проблеманың бірі – медицина кадрларына тапшылық.

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Оның айтуынша, қазір өңірде өткір тұрған проблеманың бірі – медицина кадрларына тапшылық.

«Атырау облысында жалпы тәжірибелік дәрігерлер, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог, инфекционист және эпидемиолог сынды 278 маман жетіспейді. Қазіргі уақытта аталған мәселені шешу үшін бірқатар жұмыстар жүзеге асуда. Нақтырақ айтқанда, Ресейден Атырау өңіріне мамандар тарту жағын қарастырып жатырмыз. Сонымен қатар, биыл оқу бітіретін жас мамандарды өңірге тарту үшін жұмыстар атқарылуда», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тікелей эфирде өткен брифингте.

Сурет: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз