Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Спикер атап өткендей, Атырау облысы COVID-19 инфекциясы бойынша үшінші аптадан бері «жасыл» аймақта.
- "Дегенмен, босаңсуға болмайды. Инфекцияның қауіптілігі сонша, ол науқасты өте ауыр жағдайға түсіреді. Және адам кез-келген уақытта өмірден өтіп кетуі де мүмкін. Өңірдегі жағдай облыс басшылығының қатаң бақылауында. Атырау облысында жұқпалы аурулар ауруханасында төсек-орындар жеткілікті, дәрі-дәрмек қоры бар, облыс коронавирусқа қатысты жағдайдың кез келген дамуына дайын», - деді Бақытгүл Хаменова.
Спикер сонымен қатар, пандемия басталғалы Атырау облысында 51 975 адам коронавирус жұқтырғанын, оның 51 088-і вирусты жеңгенін айтты.