Атырау облыстық перинаталдық орталығында жыл басынан бері МӘМС жүйесі бойынша 224 ота жасалынған

«2022 жылдың басынан бері Атырау облыстық перинаталдық орталығында МӘМС жүйесі бойынша барлығы – 224 оталар жасалынған, оның ішінде жоспарлы түрде – 124 ота, шұғыл түрде – 100 оталар жасалынған.

Жүкті әйел 2022 жылдың 25 қаңтары күні сағ 01.00 де № 1 Атырау облыстық ауруханасынан Атырау облыстық перинаталдық орталығына «Жүктіліктің 32 аптасы 1 күні ауыр дәрежелі преэклампсия.Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура.

Анемияның ауыр дәрежесі» диагнозымен аударылады.  Жүкті әйелдің келіп түскен кездегі жағдайы өте ауыр болғандықтан жансақтау бөлімшесіне қабылданады. Жансақтау бөлімшесінде науқасқа гипотензивті, магнезиалды, горманалды терапия, тромбомассамен трансфузия жасалады. № 1 облыстық ауруханасы мамандарымен біргі консилиум өткізіледі. Республикалық деңгейдегі мамандармен кеңесіп, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ана мен бала ғылыми орталығына аудару шешіледі. Алайда, КВИ –ға ПТР оң мәнді болып шығуына байланысты науқас Ана мен бала ғылыми орталығына аударылмай, Атырау облыстық перинаталдық орталығы деңгейінде оперативті жолмен босандырылады. Дүниеге келген нәресте күні жетпеген қыз жынысты салмағы 1940, 0 грамм, бойы 45 см, Апгар шкаласы бойынша 5/7 ұпаймен нәрестелер реанимациясы бөлімшесіне жатқызылады. 1 тәуліктен кейін жағдай тұрақталғасын, КВИ оң мәнді болуына байланысты № 2 облыстық ауруханаға аударылады. Қазіргі таңда нәресте 11.02.2022 жылы үйіне шығарылған.

Аталған күрделі отаның сәтті өтуі облыстық перинаталдық орталығы базасында қазіргі заманға сай жабдықтар мен білікті мамандардың арқасында қол жетізілді.  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT