Атырауға 100-ден астам медицина маманы келеді

«Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында өткен онлайн брифингте Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова айтты» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

​ «Медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының 106 түлегінің Атырау өңіріне келуі жоспарланған. Жыл басынан бері 34 түлек (26 интерн, 5 резидент, 3 бакалавр) өңірге келіп, мамандықтарына сәйкес медицина ұйымдарына жұмысқа орналасты. Олардың 12-сі ауылдық жерлерде қызмет етуде» деп нақтылады спикер Бақытгүл Хаменова.

Еске сала кетелік, облыстағы мемлекеттік медициналық ұйымдарда 1447 дәрігер, 5093 орта мед персонал қызмет ​ көрсетуде. ​ Қазіргі уақытта​ салаға 219 дәрігер маман жетіспейді. Соның ішінде, ​ жалпы практика дәрігері, анестизиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог мамандарға сұраныс жоғары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз