Асхан Байдуәлиев вакцинациялау жұмыстарындағы кемшін тұстарды түсіндірді

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы өңірдегі вакциналау жұмыстарының көрсеткіші не себепті төмен екенін айтты, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшының айтуынша, вакцинацияның төмен көрсеткішінің негізгі себептерінің бірі – халық арасында түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігі.

- Халықтың вакцинацияға қарсы көңіл-күйі, вакциналарға сенімсіздік танытуы. Әсіресе, 2021 жылғы 6 мамырдағы №20 бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің екінші дозаға дейін аралықты 45 күнге дейін ұлғайту туралы қаулысы шыққаннан кейін, жекелеген жағдайларда (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге шығу және басқалары) вакциналанған азаматтардың өтініші негізінде II "Гам-КОВИД-Вак" компонентімен 21 күннен 90 күнге дейінгі кезеңде вакцинация жүргізуге жол беріледі, – деді басқарма басшысы. Қазір Атырау облысы бойынша вакцинация жүргізу үшін 41 (Теңіз кен орнында – 2, «Тамаша», «Көктем», «Атырау», «Байзаар» және «Дина» сауда-ойын-сауық орталықтарында – 5, қала мен аудандардың аудандық емханаларында – 24, сондай-ақ, 10 жылжымалы пункт) егу пункті бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT