Аймақта коронавирус жұқтырған 5 адам тіркелді

COVID-19 жұқтырған 2 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 1998, 1978 жылы туған мердігер мекемелердің қызметкерлері.

Олар инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған және скринингтен өткен қызметкерлер. Ал тағы 2 адам 1969, 1961 жылы туған Атырау қаласының тұрғындары. Олардан инфекция скринигтен өткен кезде анықталған.

Сондай-ақ 1 адам Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылдық округінің 1973 жылы туған тұрғынынан анықталды.Ол коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болғандықтан одан зертханалық сынамалар алынды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

09.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1227 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны – 834.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз