8 жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды

Атырауда "Комирнати" вакцинасы балалармен жүкті әйелерге және емізулі аналарға салына бастады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша вакцинаны мектеп жасындағы 20 оқушы, жүкті әйелдер арасынан 8 әйел адам және емізулі 2 ана алған.

"Комирнати" вакцинасының басқа вакциналардан еш айырмашылығы жоқ, барлығы бірдей адам денесіне антиденелер пайда болуы үшін салынады, деді Атырау қалалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Камзин. Сондай-ақ, қазір елімізде ревакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Вакцинаның үшінші компоненті 8 санаттағы адамдарға салынуда. Олардың қатарында медицина мамандары, педагогтар, әлеуметтік мекеме қызметкерлері бар. Вакциналарды алудың арнайы векторлық аралықтары бар. "Спутник" вакцинасын алған адамдар 9 айдан кейін, «Vero Cell» , «QazVac», «HayatVac» вакцинасын алған адамдар 6 айдан кейін ревакцинациялауға жатады, деді спикер.

Еске сала кетейік, жүкті әйелдерге вакцина 16-37 апта аралығында вакцина салынады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT