33 қазақстандықтан коронавирус табылмады

Қазақстан ауруханаларында 33 адам жатыр, олар коронавирус жұқтырды деген күдік расталмады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус жұқтырған болуы мүмкін деп түскен науқастарға емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Олар тестілеуден өтті, коронавирус анықталмады. Алайда, оларда респираторлық инфекция, тұмау болуына байланысты ауруханада қала береді және ем қабылдауды жалғастырады. Бүгінде ауруханаларда 33 науқас бар. Коронавирус диагнозы ешкімге қойылмады, алайда олар емделуді жалғастырады", - деді Біртанов үкімет отырысынан кейін кулуарда.

Оның айтуынша, шекара асып келгендердің барлығы коронавирусты анықтау үшін лабороториялық тестілеуден өту қажеттілігі жоғын айтты.

"Бұл зерттеу тек ауру белгілері пайда болған кезде ғана жүргізіледі. 99 пайыз белгілері - дене қызуының көтерілуі, жөтел және басқасы - біз қарапайым тұмаумен күресеміз. Қазіргі уақытта бүкіл 18 миллион адамды коронавирусқа тексерудің қажеттілігі жоқ. Оның мәні де жоқ", - деді министр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT