1-і тоқсанда МӘМС-ке шамамен 229,4 млрд теңге түсті

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар ретінде еліміз бойынша 2022 жылдың 1-і тоқсанында шамамен 229,4 млрд теңге түсті. Ал, Атырау облысы бойынша 2022 жылдың 1-ші тоқсанына әлеуметтік медициналық сақтандыруға 11 млрд 595 млн теңге түскен. Қор филиалы республика бойынша тұрғындардың қандай санаттары үшін ең көп төлем жасалғанын айтты.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жарналар мен аударымдар ҚР Ұлттық банкіндегі арнайы шотқа түседі. Сол жерден бұл қаражат сақтандырылған азаматтарға көрсетілген медициналық қызметтердің ақысын төлеуге жұмсалады.

2022 жылдың үш айының қорытындысымен еліміз бойынша түскен 229,4 млрд теңгенің ішінде қаражаттың едәуір бөлігі – 90,4 млрд теңге халықтың жеңілдікті санаттары үшін төленген мемлекеттің жарналарын құрады. Олардың тізіміне 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар және т. б. кіреді.

Биыл 28 наурыздан бастап заңға жеңілдікті санаттағы адамдардың тізіміне қатысты түзетулер күшіне енді. Бұрын жеңілдікті санаттардың біріне бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке қамқорлық жасайтын жұмыс істемейтін адамдар кірген болатын. Енді оған бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар кіреді. Яғни, бала кезінен мүгедектер ғана емес, сонымен бірге бірінші топтағы мүгедектікті кейінірек алғандар да кіре алады.

МӘМС төлеушілердің тағы бір үлкен санаты – жұмыс берушілер. 2022 жылдың 1 тоқсанында олар өз қызметкерлері үшін 76,1 млрд теңге сомасына аударымдар жүргізді. Осы кезеңде жалдамалы жұмыскерлердің жарналары 52,3 млрд теңгені құрады. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша еңбек ететін қызметкерлер 2,7 млрд теңгеге жарна төледі.

Жеке кәсіпкерлер 3 ай ішінде МӘМС үшін 6,3 млрд теңге төледі. Дербес төлем жасаушылар-970 млн теңге. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар БЖТ-ны 447 млн теңге көлемінде төледі.

Қорда МӘМС аясында аударылған жарналар мен аударымдар туралы мәліметтерді egov.kz электрондық үкімет порталында «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметін пайдалана отырып тексеруге болатындығын еске салды.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ҚР барлық азаматтарына, қандастарға және елімізде тұрақты тұратын шетелдіктерге қолжетімді екенін білу маңызды. ТМККК бойынша пациент емхана деңгейінде алғашқы қызметтерді, жедел көмекті, санитариялық авиацияны және шұғыл стационарлық көмекті, дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік мәні бар және созылмалы аурулар кезінде медициналық көмекті алады. Барлық сақтандырылған азаматтарға қолжетімді МӘМС тізбесіне консультативтік-диагностикалық көмек, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық оңалту кіреді. Яғни, медициналық қызметтердің кең тізімі. Бұл ретте МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек барлық сақтандырылған азаматтарға олардың жарналарының мөлшеріне қарамастан көрсетілетінін мәлімдейміз», – деп атап өтті «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша  филиалының директоры Байтолла Газизов.

Егер сізде медициналық көмек көрсету сапасына қатысты сұрақтар туындаған болса, сіз оларды өз емханаңыздағы Пациенттерді қолдау қызметіне қоя аласыз. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, онда өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгінуге болады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot. Дәл осы құралдар сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы біле аласыз.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 8/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Бірыңғай орталық  – 1406

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT