«Жауқазын» бөбекжай-бақшасында отбасылық жарыс өтті

Балабақша – баланы өмірге баулуда маңызды рөл атқарады. Әсіресе бұл жерде тәрбиенің өзі ерек. Осыны ұғынған балабақша ұжымы да балғындар үшін барын салуда. Жуырда дәл осындай мақсатпен аудандағы «Жауқазын» бөбекжай-бақшасында «Қызыққа толы сәттер» спорттық-эстафеталық отбасылық жарысы өтті.

Салауатты өмір салтын ұстануға насихатталған іс-шараны балабақша тәрбиешілері Ғ.Бубитаева, А.Сисенова, К.Орынбасарова, Ф.Нұрмұхамбет ұйымдастырған. Аталған шараны балабақшаның меңгеруші қызметін уақытша атқарушы Б.Сәменқызы ашып берді. «Таныстыру», «Білімді кеңгуру», «Пингвин», «Аю апаны», «Сафари», «Фэмели» атты 6-кезеңді қамтыған сайыс жоғары деңгейде өтті.

Жарысқа Қыдыровтар, Сайлауовтар, Сисеновтар, Есмұхановтар отбасылары өте белсенділікпен қатынасып жүлделі орын алып, жеңімпаз атанды.

Шара соңында  бөбекжай әкімшілігі  ата-аналардың  қолдауымен сайысқа  белсенді қатынасқан ата-аналарды дипломдармен және сыйлықтармен марапаттады.

Отбасы – сыйластығы мен жарасымдылығы орнаған орта. Олай болса, бала тәрбиесі – күрделі әрі бәрімізге ортақ іс. Мұны ұмытпаған ләзім.

А.Сисенова

«Жауқазын» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз