Жалғансай орта мектебінің дарынды оқушылары Ақтөбе қаласында өткен жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VI республикалық интеллектуалдық байқауына қатысып қайтты.
Олар облыстық байқаудан үздік деп танылған Жалғансай орта мектебінің 10 сынып оқушылары Амантай Айдана мен Жайғали Саламат. Байқау нәтижесі бойынша Жайғали Саламат 3 дәрежелі дипломмен, ақшалай және бағалы сыйлықпен марапатталды. Амантай Айдана қатысушы сертификатына ие болды.
Бұл конкурсты ұйымдастырушылардың негізгі мақсаты ұлттық тарихты зерттеу және насихаттау болып табылады. Зерттеуші жас тарихшылар арасындағы байланысты барынша дамытуға әрекет жасайды. Мұндай конкурстар оқушылардың тарихи білімдерін саралап, тарих пәніне деген қызығушылығын одан әрі жетілдіре отырып дамытады. Оқушыларды өз ойларын шапшаң, тұжырымды, жинақы әрі ашық айтуға, ұтымды түрде сөйлей білуге, білімдерін тиімді пайдалануға баулиды. Оқушыларды бір - бірін сыйлауға, сын көтере білуге баулып, өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын, бәсекеге қабілетті, ұжымшыл зерделі тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Оқушылар бақтарын сынап, білімдерін шыңдап қайтты. Бұған қоса Ақтөбе қаласының көрікті жерлеріне саяхаттап, су жаңа Шығармашылық Академиясында болды, -дейді балаларды дайындаған тарих пәні мұғалімі Жансая Мендігереева.
Б.СҮЙЕУОВА