Жарқын болашақта бақ сынады

Жақында Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде қазақ және орыс сыныбында оқитын 5-11 сынып оқушыларына арналған мектепішілік «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың басты мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оны дамыту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету еді. Сондай-ақ олимпиада өз алдына қазақша сөйлеумен қатар мәнерлеп оқу, шығармашылық қабілетін көрсету, қазақ әдебиеті шығармаларын ертегі, батырлар жырын комикс жанрында салу, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды жандандыра отырып, насихаттау арқылы Қазақстанның «Жарқын болашағы» үшін аянбай қызмет ететінін көрсеткен нағыз «сегіз қырлы, бір сырлы» жастарды қолдауды міндет етіп қойған.

o

Олимпиаданы бірлестік жетекшісі А.Қоңыршиева ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Олимпиадада «Бейнелеушілер», «Жас қаламгер», «Білгірлер», «Сөз шеберлері» бағыттары бойынша 50-ге жуық талантты оқушылар бақ сынасты. Жас таланттардың өнерін әділқазылар алқасы бағалады. Осы шарада оқушылар нағыз тіл жанашырлары екендігін көрсете білді. Жас таланттардың өнерін әділқазылар алқасы бағалады.

Олимпиаданы оқу ісінің меңгерушісі К.Садыкова қорытындылап, дипломмен марапаттады. Қорыта келе, «Сөз шеберлері» бағыты бойынша І орынды Мұхамбетов Бекарыс, ІІ орынды Айтжан Айкүміс, Жәңгірова Дана жеңіп алса, жүлделі ІІІ орын Қуаныш Тоғжан, Ғарифолла Самал, Асхатова Жансезімге бұйырып, «Алғыс хатпен» Талғатұлы Айбек, Мұрагелді Нұрдәулет марапатталды.

«Жас қаламгер» бағыты бойынша І орынды Слемғали Шакизада, ІІ орынды Шонаева Дильназ, Ғарифоллақызы Ақбілек жеңіп алса, жүлделі ІІІ орынды Изтелеуова Дильназ, Төлегенова Шырын, Алпатанова Аружан иемденіп, «Алғыс хатпен» Төлегенов Шыңғыс ие болды. «Бейнелеушілер» бағыты бойынша І орынға Құлжан Аңсаған, ІІ орынға Шияп Мейірбек, Ғарифоллақызық Ақнұр, ІІІ орынға Сағынбаев Айбол, Лұқпанова Дана, Нұржан Бекарыс ие болып, «Алғыс хатпен» Қуандық Бекзат марапатталды.

Ал «Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша ІІІ орын Батырханқызы Айсұлу, Ермекқали Сердар марапатталды. Бұл олимпиаданың оқушылар үшін маңызы зор болды, үлкен әсер алды.

А.Қоңыршиева,

қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика