«Ынтымақ» студенттерге ағылшын тілінен дәріс өткізді

 «Ынтымақ Атырау» ҮЕҰ «Теңізшевройл» ЖШС-нің білікті маман-еріктілерімен «APEK PETROTECHNIC» жоғары колледж студенттеріне ағылшын тілінен дәріс өткізді.

Мұндағы мақсат – студенттерге дәріс оқып, топтық жұмыс және қарым-қатынас орнатуды үйрету, тәжірибелі мамандарды шақырта отыра жастардың биік мақсаттарға жетуіне жол нұсқау. Жалпы, «Ынтымақ» қоғамдастықты дамыту бағдарламасы аясында Атырау мен Құлсары қалаларындағы жоғары оқу орындарынан бөлек, «Жасөспірімдер үйі» мен «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы», «Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар ауылымен байланыс кіреді.

Аталған мекемелерде бағдарлама еріктілері ағылшын тілі мен оқу клубтарын, қолөнер сабақтарын, таза ауада ойын түрлерін өткізіп, балаларға үй жұмысын орындауға да көмек қолын созып жүр.

Мәлике МӘЛІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521