«Үздік педагог» атағы иегеріне 3,5 млн теңге сыйақы беріледі

Елімізде «Үздік педагог» республикалық байқауы басталды. Оған меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттық педагог қызметкерлері қатыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Атап өту керек, конкурс үш кезеңнен тұрады: аудандық, облыстық және республикалық. Үміткердің педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері және конкурсқа қатысу кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық тәжірибесі болуы керек.

Байқаудың бірінші кезеңіне қатысуға 1311 өтінім берілген. Қазір аудандық, қалалық комиссия олардың портфолиосын бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Екінші кезеңде әр аудан, қаладан 100 ұпайдың 80 пайызынан кем емес ұпай жинаған 10 қатысушы таңдалады. Республикалық байқаудың үшінші кезеңі осы жылдың қыркүйек айында өтеді.

Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша 64 жеңімпаз «Үздік педагог» куәлігімен, «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1 000 АЕК (3 450 000 теңге) көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521