Ұлтымыздың ұлы тұлғасы

Қ.Ахмедияров атындағы орта мектепте Тұңғыш Президент күніне байланысты «Қазіргі Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының сабақтары» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Оған ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы, тәуелсіз медиатор М.Ещанов қатысты. Ашық сабақты тарих пәнінің мұғалімі Мажит Ерғалиев өткізіп, сыныптарды топқа бөліп, біраз тапсырмалар берді. Үш топ Тұңғыш Елбасының өмірбаяны, еңбек жолы, еңбектері туралы топтық жұмыс орындады. Бастауыш сыныптар да «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы» тақырыбында өткен ашық сабақта ҚР Тұңғыш Президентінің балалық шағы, Тәуелсіз Қазақстанның астанасы– Нұр-Сұлтан қаласы- әр азаматтың мақтанышы екендігі туралы келелі ой қозғалды.

Тәуелсіз модератор М.Ещанов елін сүйген Елбасы туралы, Тұңғыш Президент сайланған кездердегі елдегі саяси жағдайларға тоқталды. Оқушылар да өз ойларын тоғыстырып, болашақ туралы болжамдар жасай білетіндіктерін анық байқатты.

Ашық сабақты Елбасының сөзімен қорытындылаған мектеп директоры С.Қойбақов еліміздің тұтастығы, бірлігін сақтап келген Тұңғыш Президенттің ерен еңбегін жалғастыру - білімді ұрпақтың қолында екенін меңзеді.

А.Текебай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз