ҰБТ-2020: қашан және қалай болады?

Махамбет ауданында Ұлттық бірыңғай тестілеу 21-24 маусым күндері аралығында өтеді, оған 238 түлек қатысады.

ҰБТ өткізу процедурасы елдегі ахуалға сай алгоритм бойынша 4 күнге созылмақ.

Е.Ағелеуов атындағы орта мектеп нысаны тестілеу өткізуге санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай толықтай жасақталған. Биылғы тестілеудің ерекшелігі: калькулятор пайдалануға рұқсат етіледі, әр аудиторияда 9 тапсырушыдан артық адам кіргізілмейді. Және ата-аналар тестілеу пунктіне келмейді, олар үйден бейне байланыс арқылы бақылай алады.⠀

Айта кету керек, Алмалы мектебінің бітірушілері де Махамбет ауданында орналасқан тестілеу пунктінде сынақ тапсырады.

Түлектердің ҰБТ тапсыру кезеңдері: 21 маусым күні Е.Ағелеуов атындағы және Талдыкөл орта мектептерінде өтіп, оған 57 түлек қатысады.

22 маусымда Қосарал, Қ.Қарашаұлы атындағы, Ақтоғай, А.Байтұрсынұлы атындағы, Есбол мектептерінде 62 түлек, 23 маусым күні Алмалы, Қ.Ахмедьяров атындағы, Алға, Қызылүй орта мектептері өтеді.Оған 58 түлек, ал 24 маусым күні Қ.Қалыбеков атындағы, О.Шонаев атындағы, Д.Төленов атындағы, Жалғансай орта мектептерінде өтетін тестіге 61 түлек қатысады.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз