Тілсіз жаудың құрбаны болудан сақтан!

«Нұршуақ» бөбекжайында 2 кіші «Жұлдыз» тобының тәрбиешісі Қаракөз Аманкелдіқызының ұйымдастыруымен «Өрттен сақтанайық!» тақырыбындағы шара қызықты өтті.

Шарада алдын ала «Түтін» командасы ғимараттан эвакуациялау бойынша оқу-жаттығуын өткізді. Балғындарға өрттен сақтану туралы слайд көрсетіліп, олар «От» жөнінде ертегіні қызыға әрі ұйып тыңдады. Сонымен қатар өртті сөндіру туралы сюжеттік –шығармашылық ойын балалардың қызығушылықтарын арттырды.

Балалар «Машинки с мигалками» әнін орындап, шараның маңызын одан әрі еселей түсті. Ата-аналар мен балаларының бірлесіп салған «Отпен ойнамаңдар!» тақырыбындағы жасақталған сурет көрмесі шараның мәнін ашты.

Шараға арнайы шақырылған Махамбет аудандық Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел -құтқару жасағының бөлім басшысы Қыдыров Бекбол Ғинаятұлы мен құтқарушы Максим Петрович Бакиров бүлдіршіндерге төтенше жағдайлар, өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде әсерлі әңгімелей білді.

Ж.Биекенова, ата-ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521