«Нұршуақ» бөбекжайының ересек «Гүлдер» тобында «Ойланайық, пікірлесейік!» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Алдымен «Мен қандаймын?» тренингі өтіп, ол ата-аналардың көңіл-күйлерін көтерді. Топ тәрбиешісі А.Айдынғали өзінің «Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту» шығармашылық жұмысымен таныстырып, ата-аналармен дидактикалық ойын ұйымдастырды.
Сонымен қатар топ тәрбиешісі А.Сатаева өзінің «Мектеп жасына дейінгі балаларды мнемотехника әдісі арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту» шығармашылық жұмысын таныстырып, ата-аналарға әртүрлі бағытта мнемо кестесін құрғызып, өз ойларын ортаға салғызды.
Қорыта келгенде тәрбиешілердің балаларымызға жан-жақты дамыту жұмыстарын жүргізіп жатқандарын біліп, оның айқын көріністерімен таныстық.
М.Сахметова,
«Нұршуақ» бөбекжайының тәрбиешісі,
«Гүлдер» тобының ата-анасы