Талдыкөл орта мектебінің мұғалімі – облыстық олимпиаданың жеңімпазы

Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ұлы ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай шығармаларын педагогтар арасында кеңінен насихаттау, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің пәнді оқытуда құзыреттіліктерін қалыптастыру және бағалау мақсатында облыстық «Дала қоңырауы» олимпиадасы онлайн режимінде өткізілді.

Олимпиада эссе жазу, тест және Ы.Алтынсарин шығармаларынан сұрақтарға жауап беру секілді ІІІ кезеңнен тұрды. Олимпиадаға қала, аудан мектептерінен 9 мұғалім қатысты.

Нәтижесінде әділқазылар алқасының шешімімен Махамбет ауданынан қатысқан Талдыкөл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-зерттеуші санатындағы мұғалімі Анар Ғазизова  топтан суырылып шығып, І орын иеленді.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз