Тәрбие-талбесіктен

Отбасы-тәрбиенің бастауы, бала өміріндегі өнеге баспалдағы екені белгілі. Осы орайда отбасында берілген тәрбие баланың тұлға болып қалыптасыуна бірден бір әсер етуші фактор. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»  деп халқымыз тауып айтқан.

Ең алдымен адамгершілік, сүйіспеншілік, адалдық қасиеттері, қамқорлық, қоршаған ортаны сүю, адамдарды сыйлау дағдыларды, барлық рухани құндылық ең ауелі қанмен беріліп, отбасының салт-дәстүрімен бойға сіңеді. Бала-біздің айнамыз. Отбасы  мүшелері қандай болса, баланың мінез-құлқы да соған бейімделеді.

Бала-ата-ана-тәрбиеші үштігін қалыптастыру мақсатында, отбасылық тәрбиенің маңыздылығын дәріптеуде Нұршуақ бөбекжай-бақшасының МАД тобының тәрбиешілері Шынар Кабдрахманова мен Әсем Сатаева да өз үлесін қосып келеді. Күні кеше ғана топтың ата-аналары мен балалардың қатысуымен отбасылық сайыс ұйысдастырып, қазақтың ұлттық өнерін дәріптеген еді. «Ұлттық ұндылықтар», «Ән көңілдің ажары», «Кім тапқыр» деп аталатын үш кезеңде қатысушы ата-аналар барын салды.  Қортынды бойынша Елешовтар жанұясы «Үлгілі отбасы», Қуангереевтар «Тапқыр отбасы», Жалғасбаевтар «Өнегелі отбасы» номинацияларын жеңіп алды.

А.САТАЕВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT