Сөйлеу дағдысын қалыптастыруда

Мектеп жасына дейінігі балалармен жұмыс жасайтын логопед мамандардың негізгі міндеті – сөйлеу тілі бұзылған балалармен жұмыс барысында инновоциялық әдістерді қолдана отырып, баланың сөйлеу мәнерін түзету және дамыту.

Тіл – адам бойындағы қызметтердің маңызды элементі, адамға әлемді тануға мүмкіндік беретін, өз білімі мен тәжірибесін басқа адамға жеткізе алатын қасиет.

«Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының логопед маманы Айзада Битанова балалардың артикуляциялық мүшелерінің қозғалыс белсенділігін арттыру мақсатында «Артикуляциялық жаттығулар арқылы тілін дамыту» атты оқу қызметін ұйымдастырды. Олардың дұрыс тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін жетілдіру, қолдың ұсақ моторикасын саусақ жаттығуларын жасау арқылы дамыту секілді тәжірибесін көрсетті.

Бұл артикуляциялық жаттығулар орындау арқылы беттің бұлшық еттері, артикуляциялық аппарат мүшелерінің құрылысы, дауыс ырғағы мен тыныс жолы, тілі мен сөйлеу қабілеті, ұсақ моторикасы, саусақ бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысы мен зейіндері, ойлауы, қабылдауы жақсарады. Шараның барысында МАД «Қарлығаш» тобының балалары артикуляциялық жаттығулар мен тыныс алу жаттығуларын орындады. Бөбекжайішілік ZOOM платформасында өткен семинарында осы тақырыппен Айзада Қайратқызы өз жұмысын қорғады.

Ж.КУЖАНИЯЗОВА,

«Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының орыс тілі маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT